Халықты пирамидаға ақша құюға шақырған вайнер қамаудан босатылды
Қаржы пирамидасы ісі бойынша халықты ақша құюға шақырған вайнер Мейіржан Төребаев кепілмен босатылды. Бұл туралы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.

Ә.Шындалиевтің айтуынша, алты адам қамауға алынған, ал вайнер Мейіржан Төребаев кепілмен босатылды.
"Әр жағдайда бұлтартпау шарасы жекелей қаралады. Барлық жағдайды ескере отырып, яғни тұрақты тұрғылықты жерінің, кәмелетке толмаған балаларының болуы, оның қылмысты жасаудағы рөлі назарға алынады. Осының бәрін ескеріп, сот оған қатысты кепілмен босату бұлтартпау шарасын таңдады", - деді ол.


