«Үлкен қызым сол үшін араласпай кетті»: Абай Бегей жасырын үйленгенін айтты

Oinet.kz 24-05-2022 2152

Абай Бегей әуелі анасы, кейін жары қайтыс болып, орны толмас қиындықты бастан өткерді. Үш жылдан соң екінші рет отау құрап, тағы екі баланың әкесі атанды. Әнші отбасындағы қиындықтар, қызымен ара-қатынасы жайлы ашық айтты. 

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Абай Бегей жарының аяқ астынан қаза болғанын, бұл оның өмірінде үлкен соққы болғанын жасырмайды. Әуелі аяулы анасынан, кейін сүйікті жарынан айырылған. 4 баламен жалғыз қалған ол екінші рет үйленуді жөн деп санаған. Алайда қыздарынан жасырып үйленген екен. 

“Үлкен қызыммен дұрыс болмай жүрдік. Ол маған ренжіді. Қанша уайым жедім. Қазір түк болмағандай. “Уақыт – емші” деп дұрыс айтады екен. Бәріне сабырлық керек. Адам қиындықты сабырлықпен ғана жеңеді. Мен бұрын да намаз оқитын едім. Кейін де намазға көп көңіл бөлдім. Кімге болса да сондай кеңес берер едім. Бәріміз қонақпыз. Бәріміз кетеміз. Біреуі ерте, біреуі кеш”, –деді Абай мырза. 

Күйеуге шығып сәлем салсам тектілігім бұзылады - көріпкел-емші
Байтұрсынов мектебінің шәкірттері Индонезия елшісімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу