Түлкібастық полицейлер мереке қарсаңында музей аралады

Oinet.kz 22-10-2022 459

Screenshot_6.jpg

25 қазан - «Республика күні» мерекесіне орай Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни полиция қызметкерлері Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан орталық музейге барып, ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің өмірбаяны, сондай-ақ қызмет көрсету барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы мәліметтермен танысты. Жиында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ел үшін еңбегімен танылған азаматтардың еңбек жолы жайлы сұхбаттасты. 

Тарихи орынға саяхат кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері аға ұрпақтың дәстүрінде тәрбиелеу, музей жұмысының рөлін арттыру мақсатында орамды ойлары ортаға салынды. Тәртіп сақшыларының ерліктері полицейлерге  таныстырылып,  сабақтар  ұйымдастырылды. 

Жалпы жас ұрпақты мәдениет, өнерге баулып, рухани бағытта сусындатуда мұндай іс-шаралардың берері мол. Сондықтан Түлкібас ауданында полицейлердің қатысуымен алдағы уақытта мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұратын болады. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Танысының банк қосымшасын алып, несие рәсімдеген алаяқ ер адам анықталды
80 келі алма ұрлаған ер адам анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу