Медицина қызметкерінен 2 миллион теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Oinet.kz 28-11-2022

Screenshot_3.jpg

Жетісай аудандық полиция бөліміне медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам оны қорқыту арқылы екі миллион теңге бопсалаған. Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігі "бопсалау" бойынша Жетісай АПБ-де тіркеді.

Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысының полиция департаментінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Жетісай АПБ криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні 1,5 миллион теңгеге жуық ақшаны алған кезде анықтап, ұстады. Ол Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Заттай дәлел ретінде жедел уәкілдер ер адамнан ақша тәркіледі.

Белгілі болғандай, күдікті көрсетілген медициналық қызметке көңілі толмағанын алға тартып, медицина маманын ірі көлімдегі ақшаны айтып, бопсалап, жоғары тұрған басшылыққа арыз жазып, оны жұмыстан шығаруға қол жеткіземін деп қорқытқан.

Қазіргі уақытта бопсалау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Оқиғаның барлық мән жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Түркістан облысының полицейлері қарт жүргізушіге кептеліп қалған дөңгелегін ауыстыруға көмектесті
Түркістан облысында есірткі егіп, оны сақтаған 44 жастағы тұрғын сотты болды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×