Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабеков Түркиядан Қазақстанға қайта оралды ма?

Oinet.kz 31-01-2023 1673

Әлеуметтік желіде Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабековтің Түркия елеінен Қазақстанға оралды деген ақпарат тарады, деп жазды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Screenshot_21.jpg

Ақпаратты Ораз Әлімбеков фейсбуктегі парақшасында жариялады. 

"Тазабеков – депутат? Шораев капут?!

Әлеуметтік желіде Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабековтің Түркиядан Қазақстанға қайта оралғанын жазып жатыр. Олардың әлдебір тойда жүрген фотосы да жарияланды.

Біреуі Қаңтар оқиғасына шейін, екіншісі одан кейін Түркияға жылыстап кеткен «сақалдылардың» елге оралуында қандай гәп бар? Осы сұраққа бүгін жауап табылды.

Мүфтият ішінде жүрген құпия дереккөздің (лақап аты «Сахаба») айтуынша, Мұхамеджан Тазабеков Мәжіліс сайлауының додасына қатысады. Ол «украиншіл» Арман Шораев немесе «батысшыл» көзқарастағы Мұхтар Тайжан түсетін бір мандатты сайлау округіне тіркеліп, күшті бәсеке туғызады.

"Бекболат Тілеухан жөнінде кесімді ештеңе айта алмаймын. Қазір ол діндарларға сырын шашпайтын біртоға, тұйық адам болып алған. Мүмкін Тілеухан өзінің жақын туысы Тазабековті сайлауда қолдау үшін келген шығар» деді «Сахаба».

Мұхамеджан Тазабековтің Мәжіліс сайлауының «тартысты» додасына қатысатыны жөніндегі «Сахабаның» мәліметін Ақ орда маңын торуылдап жүрген дереккөз де қуаттады. Оның айтуынша, электоралды науқанды бастан-аяқ мемхатшы Ерлан Қарин жеке дара басқарып отыр. Және жоғарғы биліктегі кадр саясатында «соңғы сөзді» сол айтады.

Ақ орда маңындағы дереккөздің айтуынша, Қарин «сексеуілді сексеуілге ұрып сындыруды» саяси технологияның әдістемесі ретінде қабылдады. Заңға енгізілген өзгерістерден кейін, бір мандатты округте бұрынғыдай ешбір кандидат 50%+1 дауыс жинамаса да ең көп дауыс жинаған екі кандидат арасында қайта сайлау өткізілмейді. Үш-төрт үміткердің ішінен ең көп дауыс жинаған кандидат сайлауда автоматты түрде «жеңді» деп есептелінеді.

Ақ орда маңындағы дереккөз Шораев пен Тазабеков бір округте тіресе қалған жағдайдың Қарин сызып қойған сценарийінің қандай нәтиже көздейтінін де айтып берді.

Бірінші сценарий бойынша, Шораев, Тазабеков және тағы бір (немесе бірнеше) кандидат бәсекелеседі. Негізгі текетірес Шораев пен Тазабеков арасында болады. Мақсат – Шораевты депутаттыққа өткізбеу. Нәтижесінде, дауыс бірнеше адамға бөлінеді де, Қарин ставка қойған үшінші кандидат жеңіске жетіп, Мәжілістің депутаты деген мандатты иеленеді.

Ал Шораев Тазабековті аз ғана дауыспен ұтып кетеді.

Шораевтің жақтастары үшін «командасы мықты, әнші-биші, діндарлар ұйып тыңдайтын» Тазабековті жеңіп кеткені жақсы жетістік, мәртебе болып көрінеді. Шораевшілер басқа емес, танымал Тазабековті жеңіп кеткенін місе тұтып, соған масаттанады...

Екінші сценарий бойынша, Шораев -жеңіледі, Тазабеков жеңіп Мәжіліс депутаты болады. Ол бұған дейін өзінің матруди ақидасына, Ханафи мазхабына қайта оралғанын мәлімдеп, өзін тура жолға салғаны үшін Бас мүфти Наурызбай Өтпеновке алғысын білдірген. Оның сайлауалды үгіт насихатының тақырыбы ЛГБТ-ға тиым салу, «іріп-шіріген» батыс идеологиясынан бас тартып, ұлттық дәстүрге қайта оралу» болуы мүмкін.

Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабеков сайлауда жеңіліп, депутат болмаса да, ұтылмайды. Олардың бұл сайлауға қатысуы Қаңтар оқиғасы кезінде «мундиріне» жағылған қара дақты жуу және қоғамдық пікір алдында ақталу, яғни саяси реабилитация үшін керек. Олар да Қариннің Қазақстанда биліктің «қайнар көзі» екенін біліп отыр.

Міне, бұл сайлаудың қызығы мен шыжығы осында", деп жазды. 

Оқырмандар: "Миларын айналдырған жастардың арқасында Тазабеков өтеді деген үміт қой, егер мынау шын болса", "Тек қана бірінші сценарий болады. Бұл Шораевтың билікке типа "күреспен" келу иммитациясын жасау айласы, одан басқа еш себебі жоқ", "Сайқал саясат", "Олар билікке келсе,мектепке дін сабағын кіргізуден бастайтын шығар,сөйтіп бәріміз оранып араб боп шыға келеміз", деп жазды.

«Досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген»: Қарағандыда ер адам жүкті әйелін қорлаған
«Шардара» су қоймасының 84 пайызы толды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу