Музыкант Darkhan Juzz неден қайтыс болғаны белгілі болды
Сыртқы істер министрлігі өкілдері әнші Дархан Жүнісбековтің өліміне қатысты пікір білдірді.

"Таиланд полициясының ақпараты бойынша, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Ол жалға алған мопедімен жол апатына түскен. Консул марқұмның туыстарымен байланыста, Қазақстанға мәйітті жіберу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.


