Денесін ет тартқыштан өткізіп, қайнатқан — Танымал модельді күйеуі айуандықпен өлтірді

Oinet.kz 27-02-2023 7072

Танымал модельді күйеуі мен қайын жұрты айуандықпен өлтірді. Олар келіншектің денесін жасыру үшін, тіпті ет тартқыштан өткізіп, сүйегін қайнатқан, — деп хабарлайды Экспресс К.

Screenshot_2.jpg

Бұл туралы CNA ақпарат агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, адам шошырлық қылмыс Қытайдың Ганконг қаласында болды. Танымал модель Эбби Чойдың жоғалғаны жайлы ақпарат полицияға 22 ақпан күні түскен. Артынша шұғыл іздестіру барысында келіншектің күйеуі мен ата-енесі және қайын ағасы ұсталған.

"Қайын ағасы Эббидің жеке жүргізушісі болып жұмыс істеген. Ол сол күні келіншекті жұмыстан алғаннан кейін қала сыртындағы жалдамалы үйге алып барады. Сол жерде отбасы мүшелері келіншекті өлтіріп, денесін паршалап тастаған. Қазір басын іздеудеміз", — делінген полиция хабарламасында.

Жалдамалы үйден сондай-ақ ет тартқыш пен екі үлкен ыдыс және адамның бөлшектелген дене мүшелері табылған.

Полицияның алдын ала болжамынша, мұндай қылмысқа қаржы мәселесі себеп болуы мүмкін. Яғни, ата-енесі келінінің қомақты ақша тапса да дұрыс бөліспейтініне қапалы болған. Осылайша,  өз балаларын адам өлтіруге итермелеген көрінеді.

Музыкант Darkhan Juzz неден қайтыс болғаны белгілі болды
«Баспалдақтан құлады деп айтқызып қойды»: Атыраудағы балалар үйінде шу шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу