Астаналық әйел күйеуінің көңілдесін өлтірді

Oinet.kz 28-02-2023 2680

Астанада тұрғын-үйлердің аулаларының бірінде екі әйелдің төбелесі біреуінің өлімімен аяқталған, - деп хабарлайды Сaravan.kz.

Screenshot_1.jpg

Фотоның мақалаға қатысы жоқ

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында "НемолчиKZ", қоғамдық қорының президенті жазды.

Белгілі болғандай оқиға былтыр, 2022 жылдың 20 наурызында болған.

"Оқиға былтыр 2022 жылдың 20 наурызында болған. Әйел адам екінші әйелдің жүрегіне екі рет пышақ сұғып, оны өлтірген. Қылмыскер күйеуін оның нақсүйерімен бөлісе алмаған, яғни екі әйел бір еркекке таласқан. Десе де қайтыс болған әйел ер адамның нақсүйері болмаған, ал қылмыскер керісінше еркектің бұрынғы азаматтық некедегі әйелі болған, сондай-ақ олардың ортақ ұлы болған. Яғни ер адам екі отбасында өмір сүрген», - дейді қоғам белсендісі.

Белгілі болғандай, сол түні қылмыскер қолына пышақ ұстап сыртқа шыққан. Сөйтіп бұрынғы күйеуі және оның қазіргі әйелімен төбелескен сәтте ол әйелдің жүрегіне екі рет пышақ сұғып алған. Қылмыс болған сәт көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Видеода ол сол жерде көп тұрып, жерде жатқан әйелге былапыт сөздер айтып тұр", - дейді Дина Таңсәрі.

Құқық қорғаушы әйел адам қылмысты аффект қалпында жасағанын айтады. Оны Астанада жасалған екі комиссия да растаған. Қаза болған әйелдің үш кішкентай баласы қалған.

Түркістандағы емші қыз дәрігер емдей алмайтын ауруларды емдейді
Қазақстандық отбасы мысығының туған күнін атап өтіп, тұсауын кесті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу