46 жасар әйелді такси жүргізушісі пышақтап өлтірген

Oinet.kz 28-02-2023 739

Ақтөбеде жоғалып кеткен облыс әкімдігі қызметкерінің денесі табылды. 46 жастағы әйелді такси жүргізушісі пышақтап өлтіріпті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

Жанна Мұратқалиеваның жоғалып кеткенін айтып жақындары осыдан үш күн бұрын іздеу жариялаған. Кейін ол отырған көліктің иесі ұсталды. Мәдениет басқармасы бас маманының мәйіті сол көліктен табылған. 29 жастағы күдікті оны аяусыз ұрып-соғып пышақтапты. Қазір ол қамауда отыр. Ал мұндай жауыздыққа неліктен барғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

«Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар. Жоғалған әйелдің мәйіті табылды. ҚР ҚК 99-бабы, кісі өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды»,- деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Журналистерде қоқан-лоққы көрсету істерін үйлестіруші ұсталды
Дефицит офисной бумаги в Казахстане
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу