Қорқыттың елінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрме ашылды

Oinet.kz 21-06-2019 960

Screenshot_9.jpg

Түркістан облысындағы «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары»  атты көшпелі көрменің ашылуы өтті.

 Көрмеге Түркістан облысының ұлы тұлғалары -  Әбу Нәсір әл-Фараби, ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы, күйші Сүгір Әліұлы, ән падишасы Шәмші Қалдаяқов, мәдениет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтерге қатысты түпнұсқа жәдігерлер мен Отырар қалажұртынан табылған археологиялық, нумизматикалық артефактілер және Арыстанбаб кесене-мешітінде 1930 жылдарға дейін болған мұсылман кітапханасының кітаптары, жалпы саны 62 дана жәдігер қойылды. 

Іс-шараға Қармақшы аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, оқушылар, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақ хандығының тарихы Созақпен тамырласып жатыр
Назарбаев: «Горбачев маған өзінің премьер-министрі болуды ұсынды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу