Қайрат ЕРАЛИЕВ: Жаңа Қазақстанға бәсекеге қабілетті экономикалық өзгерістер керек

Oinet.kz 14-03-2023 593

Screenshot_3.jpg

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ералиев Қайрат Құттыбайұлы сайлаушыларға өз бағдарламасын ұсынды. 

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы саяси науқанға деген көзқарас салмақты да салиқалы болуы тиіс. Жаңа Қазақстанға жаңа саяси реформалар мен бәсекеге қабілетті  экономикалық  өзгерістер керек. Мен өзіме осы бағытта бірқатар міндеттер қойдым, оларды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде қызмет етіп шешуге бағытталатын болады. 

- Ауылдық жерлердегі жастар арасындағы спортты дамыту, спорт алаңдары мен нысандарының проблемалық мәселелерін шешуге ықпал жасау;

- Ауылдық жерлерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды (мектептер, ауруханалар, интернет, және т,б) жаңғырту, кәсіпкерлік арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға үлес қосу;

- Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың локомотиві болып табылады. Халыққа алуан түрлі тауарлар шығарып, ұсынатын кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру мәселесіне назар аудару. Оңтүстік өңірлерде өнеркәсіп орындарын ашу  арқылы ауыл тұрғындарының жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ету, - деп жазды ол өз бағдарламасында. 

Сонымен қатар ол спорт саласының беделін арттыру мәселесін назардан тыс қалдырмады. 

- Мектептегі дене шынықтыру пәнінің маңыздылығын арттыру назарға аламын. Көп мектептерде дене шынықтыру пәніне немқұрайлы қарайды. Бұл дұрыс емес. Денешынықтыру пәнінен сергек шыққан бала ақпаратты оңай қабылдайды. Оқу үлгерімі артады. Денешынықтыру пәнін алгебра, физика, химия секілді техникалық пәндермен өзара байланыстыру арқылы баланың оқу үлгерімін жақсартуға болады. 

Спорт университеттеріне берілетін грант санын арттыру. Спорт – мемлекеттің негізгі имидждік құралдарының бірі. Мәдениет пен спортты бір министрлік құрамында ұстағанша, оны екіге бөліп, спорттың өз алдына бөлек дамуын қамтамасыз ету, - деді Қайрат Ералиев.  

Қайрат Ералиев 1990 жылы Түркістан облысы (бұрынғы ОҚО, Сайрам ауданы, Жұлдыз ауыл) туған. Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. 2011 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Спорт және денешынықтыру» мамандығы бойынша, бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы Алматы қаласындағы орталық әскери спорт клубында спорт-нұсқаушы қызметінен бастап, Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу» спорт клубында жаттықтырушы  болып жұмыс жасауда.

Қайрат Құттыбайұлы, әуесқой бокстан ерлер арасындағы 2017 жылғы әлем чемпионы. Азия ойындарының және Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері. Қазақстан чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы. ҚР еңбегі сінген спорт шебері. Спортшылар арасында кәсіби беделі жоғары. Еліміздегі спорт саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Өте сыпайы, тәрбиелі азамат ретінде көпшілікке танылған. 

Елеулі еңбектері еленіп, спорт саласы бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ҚР мәдениет және спорт министірлігінің 2022 жылдың қортындысы бойынша «Үздік спорт нұсқаушы» номинациясының жеңімпазы.

Отбасылы. 2 ұлдың әкесі. 

Жарияланым ақысы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына Түркістан облысының № 26 сайлау округінен үміткер кандидат Қайрат Ералиевтің тапсырыс бойынша аумақтық сайлау комиссиямен республикалық бюджет қаржысы есебінен төленді

Тұрғындар жаңбыр суына да салық төлеуге мәжбүр
Қайрат Ералиев: Спорт саласындағы жемқорлықты жою басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу