«Желкемізден тұрып алып, жұмыс істетпейді»: Абай облысында өрт сөндіруші шындығын айтты

Oinet.kz 12-06-2023 4083

Абай облысында алапат өртпен алысып жатқан өрт сөндіруші тілсіз жауды ауыздықтауға жергілікті шенеуніктер кедергі келтіретінін атап өтті. Айтуынша олар жұмыс істетпей, бұйрық айтумен "желкелерінде" тұрып алатын көрінеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілішісі Caravan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

Screenshot_16.jpg

«Ассалаумағалейкум қазақ елі! Сіздерге видеоға шығуға мәжбүр болып отырмын, неге десеңіздер, кешеден бері өртте, отпен алысып жүрміз. Мына жақта кейбір ағаларымыз келіп алып: «Не істеп тұрсыздар, неге жұмыс істемейсіздер» деп желкемізден тұрып алады. Сондықтан тұтас қазақ елі болып, бір-бірімізге көмектесейік. Неге желкемізде тұрып алып, жұмысқа кедергі келтіресіздер? Техника кірмейді деп айтасыздар, арғы жаққа техника қалай кіреді? Бұл жақта үлкен көліктер, егер орманның арасынан шыға алмай қалса, көліктегілердің өміріне қауіп төнуі мүмкін, неге соны түсінбейсіздер? Сол үшін, бізге ең бастысы – адам өмірі маңызды. Сіздерден өтініп сұрайтыыһным, бір ниетте, таза ниетте болайық... Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деп аяқтады сөзін өрт сөндіруші.

«Түк көрінбейтін көк түтін»: Абай облысындағы алапат өрттің қорқынышты кадрлары елді шошытты (видео)
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда қанша рет аза тұту күні жарияланды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу