Исабеков Мұхтар Әуезовты кім және не себепті өлтіргенін ашып айтты

Oinet.kz 09-01-2024 3510

Жазушы-драматург Дулат Исабеков Совет Одағы кезінде бүкіл Қазақстанды мойындатқан жазушы Мұхтар Әуезов пен геолог Қаныш Сәтпаевтың өліміне не себеп болғанын ашып айтты. Бұл туралы ол "Адал адам" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Screenshot_2.jpg

"1949 жылы Семейде полигон ашылатын болды. Сол кезде Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев кездесіп, "біздің елде екеумізден басқа бас көтерер адам жоқ, бас көтеретін адамдардың бәрі атылып кетті. Енді елімізде полигон ашылса не болады? Кеттік Мәскеуге, Сталинге жолығайық" деп жолға шығады. Оларды Сталин қабылдамайды. Берияға барып еді, ол да қабылдамады. Оларды тек Курчатов қана қабылдады. Сонда Курчатов қазақ зиялыларына: "отпен ойнап жүрсіздер, ол екеуі сіздерді еш уақытта ұмытпайды. Неге келгендеріңіздің бәрін біледі. Ал мен ол тірлікке араласа алмаймын, бәрі Берияның қолында. Менің бар қолымнан келетіні - жер үстіндегі жарылысты азайтайын, енді елге қайтыңыздар" дейді. Ал кейіннен екеуі бірінен соң бірі ауруханаға түсті. Креемль ауруханасына түскенде екеуін өлтіріп жіберді. Совет билігі үшін халықты соңынан ерте алатын лидерлер қажет болмады", - дейді Дулат Исабеков.

Бүгінгі қыздар туралы айтылмай жүрген әңгіме...
Автобустағы қарияның әңгімесі бізді жылатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу