«Өзімді танымадым»: Анасы блғамен ұрып, сау тамтығын қалдырмаған Диана Ивановаға ота жасалды

Oinet.kz 26-09-2023 842

Алматыда есірткіге тәуелді анасы ұзақ жылдар бойы балғамен ұрып баққан бойжеткен Диана Ивановаға ота жасалды. Бұл жолы хирургтер бетінде көптеген тыртықтар қалған 18 жастағы бойжеткенге жаңа келбет сыйлады. Олар бірден 10-нан астам операция жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ктк арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Оқиға 12 жыл бұрын бас сүйегі сынған бала реанимацияға түскенде жұртшылықтың жағасын ұстатқан болатын. Оның мұрны сынып, құлағының бір бөлігі жұлынған, еріндері зақымдалған болатын. Және одан өзге де тыыртықтары мен жарақаттары болған. Оған Алматыдағы үздік клиникалардың бірі тегін ота жасады. 

Диана қазір жаңа келбетіне үйреніп қалғанын айтады.

“Операция алдында қобалжу болды. Отадан соң оянғанда сәл ауырсынуды сезіндім. Кейін бәрі тез жазылды. Ауруханада төрт күн болдым, бірақ мен үшін бұл өте тез өтті. Дегенмен тезірек үйге барғым келді. Үйде мен тез қалпқа келдім. Бірақ айнаға алғаш қарағанда өзімді танымадым”, – деді Диана. 

Дәрігерлер жауапкершілік пен тәуекелдің үлкен екенін жеткізді. Бірақ ең бастысы қызға көмектесу еді. Бойжеткеннің тыныс алуы қиындап, тамақты дұрыс шайнай алмаған.

“Мұндай операция Қазақстанда алғаш рет осындай ауқымда жасалды деп ойлаймын. Өте қиын болды. Себебі біз әрбір бөлікті жинадық. Сүйек-шеміршек бөлімінде бәрі сынған. Функционалдылық пен эстетика қалпына келтірілді. Біз команда болып жұмыс істегенде әр операция жасаған сайын органдарға тексеру жүргіземіз. Таң қалғанымыз сол оның анатомиясы толығымен бұзылған”, – деді пластикалық хирургия клиникасының негізін қалаушы Мохаммед Шбаир.

Дәрігерлер Диана мен оның қамқоршысы Надежданы мейрамханаға шақырды. Олар гүлдер мен қошеметке бөледі. 

“Дүйсенбіде мектепке барамын. Мені достарым, мұғалімдерім көреді. Енді бәрі өзгерді. Достарым да көбейе түседі. Операциядан кейін мен өзімді әлдеқайда сенімді сезіне бастадым”, – деді Диана Иванова.

Операциядан кейінгі қалпқа келу процесі тағы бір жылға созылады. Осы уақыт ішінде дәрігерлер Диананы бақылайтын болады. Бойжеткенмен косметологтар да жұмыс істейтін болады. 

Диана Иванованың оқиғасы 12 жыл бұрын жұртшылықтың жағасын ұстатқан болатын. Содан кейін бала бас сүйегінің сынығымен жансақтау бөліміне түсті. Қызды бұл күйге анасы мен әжесі жылдар бойы түсірген. Туыстары оны қатыгездікпен мазақ етіп, жұдырықпен, балдақпен және кілтпен ұрған. Көпшіліктің наразылығынан кейін әжей Ресейге депортацияланды, ал туған анасы кейін алты жылға сотталды. 

Марафонда жүлделі орынға ие болған 72 жастағы қарияның видеосы желіде талқыға түсті
Алматыда ер адам қарттар үйінің терезесінен құлап кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу