Алматыда ер адам қарттар үйінің терезесінен құлап кеткен

Oinet.kz 26-09-2023 458

Алматыда “Забота” қарттар үйінің пациенті түсініксіз себептермен терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Жәбірленушіге көмек көрсетудің орнына оны ұйықтатып, тек біраз уақыттан кейін ғана сынықтары бар екенін байқаған.

“Забота" мекемесінде қарттар үйінің қызметкерлері егде жастағы ер адамды жерден көтеріп, бөлмесіне апарған.

Зейнеткердің денесінде гематомалар байқалады әрі үш сынық табылғаны айтылды.

Алматы полиция департаменті оқиға бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді.

"Істің мән-жайларын зерттеуге арналған өндіріс материалдары Алматы қаласының медициналық қызметтер сапасын бақылау департаментіне берілді", – делінген ПД баспасөз қызметінің жауабында.

«Өзімді танымадым»: Анасы блғамен ұрып, сау тамтығын қалдырмаған Диана Ивановаға ота жасалды
Ақтауда белгілі кәсіби фотограф жоғалып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу