Шымкенттегі мектептің спортзалында оқушы қайтыс болды

Oinet.kz 12-01-2024 815

Шымкенттегі мектептің спортзалында оқушы өлі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Оқиға 11 қаңтар күні №48 жалпы орта мектебінде 11.00-де дене шынықтыру сабағы кезінде болған. 2010 жылы туған 8 сынып оқушысы есінен танып құлаған. Мектеп медбикесі Розиева Гулжамал спорт залға жылдам жетіп алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды.

"Шақыруға келген жедел жәрдем қызметкерлері екінші арнайы шұғыл (экстренный) жәрдем шақырған. Алайда, шұғыл (экстренный) жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болғандығын хабарлайды. Кәзіргі таңда құзырлы органдар тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында.

Басқарма мәліметінше, қайтыс болған оқушы үйінің ортаншы баласы еді.  

Алаяқтарға алданған танымал ақын 17 жылдан бері қой бағып жүр
Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу