Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

Oinet.kz 12-01-2024 1414

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алынып тасталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. 

Screenshot_4.jpg

Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіш шынымен алынып тасталғанын растады және ол қазір қоймада. Редакция журналисі ескерткіш алынып тасталғанына көз жеткізу үшін университет аумағына барған болатын. Алайда журналиске кіруге рұқсат берілмеген. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ескерткішке қатысты ақпаратты алдағы уақытта беруге уәде етті. 

Шымкенттегі мектептің спортзалында оқушы қайтыс болды
Петропавлда әйелін өлтіріп, денесін орманға апарып жасырған ер адам сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу