Тоқаев Шымкент қаласының жаңа әкімін қабылдады

Oinet.kz 02-08-2019 990

Screenshot_4.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабыладады деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қазақстан президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді-мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысқан.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бизнес пен инвесторларды қорғау-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеті
ОҚМУ - білім кеңістігіндегі бренд
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу