«Әжетханадағы 3 жасар қыздың денесі»: Сарыағашта екі сәбиге қастық жасаған қыз қамалмайтын болды

Oinet.kz 05-06-2025 1129

Былтыр Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған қыз көршінің дәретханасынан табылған еді. Оның өліміне 17 жастағы жасөспірімнің кінәлі екені анықталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

2024 жылы Сарыағаш ауданының Сіргелі шағын ауылында көше дәретханасынан үш жасар Арайдың денесі табылды. Қылмыстық іс жабық түрде қаралды, барлық есімдер өзгертілді. 

Бастапқыда ауыл тұрғындары мен полиция жазатайым оқиға болып, қыз дәретханаға өзі кездейсоқ түсіп мерт болды деп ойлады. Бірақ екі айдан кейін көше дәретханасынан алты жасар Асылымның айқайлаған дауысы шықты. Жақын жерде жүрген ауыл тұрғыны баланың айқайын естіп, қызды дәретханадан шығарып алды. 

Өлім аузынан аман қалған Асылым көше дәретханасына 17 жастағы көрші Бағила итеріп жібергенін айтты. Кішкентай қыздың сөздері қылмыстық істің қозғалуына себеп болды. Нәтижесінде полицейлер екі ай бұрынғы үш жасар қыздың өлімін де қайта тергеп, тексерді.

Асылымның айтуынша, 2024 жылдың 13 шілдесінде кешке Бағила оны дәретханаға апарып, шұңқырдың саңылауына құлатуға тырысқан. Асылым қорғануға тырысқанымен Бағила оны тістеп, шашынан жұлып, күшпен төменге қарай итерген. 

Тергеушілер дәретханаға байланысты екі істің де психикалық аурумен ауыратын кәмелетке толмаған қызға қатысы барын анықтады. Ал қыздың анасы оның ауруы туралы тіпті білмедім деп мәлімдеді.

Сот отырысында Бағиланың бұған дейін өзін өлтіруге тырысып, сірке суын ішкені айтылды. Сот-психиатриялық сараптама қыздың денсаулығындағы «шизофрения белгілері бар жедел полиморфты психотикалық бұзылысты» анықтады. Ол психиатриялық есепке алынды. Заңға сәйкес, психикалық ауруы расталған сотталушылар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сот қызға мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара тағайындады. Ал қыздың отбасы қаза тапқан Арайдың отбасына 20 млн теңге моральдық зиян төлеуі тиіс.

Айта кетейік, 3 жастағы қыз былтыр мамыр айының ортасында жоғалып кеткен еді. Үш күн бойы ата-анасы, туыстары мен ауыл тұрғындары баланы таба алмай, тек үшінші күні оның денесін қарама-қарсы үйдегі дәретханадан тапты.

Батыс Қазақстанда үй өртеніп, 5 бала қаза тапты
«Беті қанға боялған»: Астанада бір оқушы 7 жасар баланы аяусыз сабап, мұрнын сындырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу