Жамбылда 10 жасар баланы өлтірді деп күдікке ілінген азамат тағы бірнеше баланы асырап алған

Oinet.kz 09-06-2025 179

Жамбыл облысында адам өлтірді деген күдікке ілінген отбасыдан төрт асыранды баланы мемлекет қарамағына алу шешімі қабылданды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Балаларды асыраған және қылмысқа қатысты күдікке ілінген азамат әскери қызметкер болып шықты. 

Жамбыл облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Даурен Бақжановтың айтуынша, күдіктіні сол күні кешке аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қамауға алған.

“Отбасының қамқорлығында бірнеше бала бар. Оларға қатысты балаларды отбасынан алу туралы шұғыл шешім қабылданды. Қазіргі уақытта олар мемлекеттік мекемеде мемлекеттің қорғауында”, – деді ол.

Сонымен қатар, уәкіл бұл іске қатысты қосымша ақпаратты әскери тергеу басқармасы ғана ұсына алатынын айтты. Өйткені күдікті – әскери қызметкер екен.

«Сіз Тик Токтa жүрсіз»: Шымкентте клиент түсірген видеоның арқасында кәсіпкердің табысы артқан
«Қазір ол басқа жігітке тұрмысқа шыққан»: Қазпоштаның жарнамалық ролигі қызу талқыға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу