Алматыда ерлі-зайыптыға оқ жаудырған қарақшы 16 жылға сотталды

Oinet.kz 12-06-2025 331

Алматыда ерлі-зайыптыларды жаралаған ер адамға сот үкімі шығып, 16 жылға сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Жарты жыл бұрын ер адам өзін электрші ретінде таныстырып, біреудің пәтеріне кіріп, тұрғындарға бірнеше рет жауынгерлік тапаншадан оқ атқан. Қарақшы 16 жылға түрмеге сотталды.

Сотталушы 38 жастағы Жетісу өңірінің тумасы болып шықты.

Тергеу барысында белгілі болғандай, шабуылдан біраз уақыт бұрын ол пәтерге жаңа жиһаз орнатып жүріп, сейфті байқап қалған. Сол сәтте ол ұрлық жасау туралы жоспар құрады. Қаруланған қаскөй бет-жүзін медициналық маска мен шарфпен жауып, өзін электрші ретінде таныстырып, элиталық тұрғын үй кешеніне еш кедергісіз кірген. Кейін пәтердің қоңырауын соғып, әйел есікті ашқанда алдымен оған, кейін айқайға жүгіріп шыққан күйеуіне оқ жаудырған. Ерлі-зайыптылар оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген еді. 

Бишімбаев пен Шерзаттың өліміне байланысты сотталғандар рақымшылыққа ілінуі мүмкін бе
«40%-ын күйік шалған»: Қызылордада балабақша қызметкерлері баланы ыстық суға күйдіріп алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу