«40%-ын күйік шалған»: Қызылордада балабақша қызметкерлері баланы ыстық суға күйдіріп алған

Oinet.kz 12-06-2025 251

Қызылордада қаласындағы жекеменшік балабақшаның қызметкерлері бүлдіршінді жуындырып жатып денесінің 40 пайызын ыстық сумен күйдіріп алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Аяғы мен іш терісі күлдіреп кеткен екі жасар қыз қазір ауруханада жатыр. 

Мамыр айынан бері балалар ауруханасында жатқан бүлдіршіннің денсаулығы әлі де оңала қоймаған. Бүлдіршіннің аяқтары, жамбасы мен іш терісі қатты қызарып, күлдіреп кеткен. Денесінің көп бөлігі күйіп қалған балақай түнімен ұйықтамай қиналып шығады екен.

Екі жастағы Еркежан Шардарбектің анасы болған жағдайға кінәлілер тиісті жазасын алсын деп отыр. Оның айтуынша, балабақша қызметкерлері қызы күйіп қалған сәтте тіпті жедел жәрдем шақырмаған.

“Олар маған қыз ұйқыдан тұрып, үлкен дәретке шықты деді. Сол кезде үстін бүлдіріп алған. Жуынатын бөлмедегі шұңғылшаға жуындырдық дейді. Сол кезде Еркежан кранды ашып, ыстық суды ағызып жіберген. Біз оған сенбейміз. Ондай 30-40 пайыз күйік алу аристоннан мүмкін емес”, – дейді Еркежанның анасы Айнұр Айдарбекова.

Ол балалар қауіпсіздігіне бей-жәй қараған жекеменшік бөбекжайдың басшысынан бастап тәрбиешілеріне дейін заң алдында жауап берсін деп отыр. Қызметкерлерді салғырттығын балабақша басшылары да мойындап отыр. Сондықтан оларды жұмыстан шығарған.

Ақтауда жылу желілеріндегі апат салдарынан бала қатты күйік алды

Ақтөбеде “Қазхром” компаниясына тиесілі шахтада үш адам күйіп қалды

“Шомылдыру барысында өрескел қателік жасап, техникалық заңдылықты сақтамай, аристонның ыстық суына күйдіріп алып тұр. Аталған іс бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Біздің тараптан сол оқиғаға байланысты екі тәрбиешінің көмекшісі еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылды”, – деді “Сыр болашағы” балабақшасының меңгерушісі Ағжан Абдуллаева.

Қазір полиция “кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамау” бабымен тергеу жүргізіп жатыр. Ал Еркежанның анасы тәрбие ошағында болған оқиға егжей-тегжейлі тексерілуін талап етіп отыр.

Алматыда ерлі-зайыптыға оқ жаудырған қарақшы 16 жылға сотталды
«Өзіме қол жұмсағым келетін»: Сталкинг құрбаны болған қазақстандық ару оқиғасымен бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу