2294 оқушының конситуциялық құқығын бұзған мектептер жазаланды

Oinet.kz 06-04-2026

Зеренді ауданының прокуратурасы интернет-платформаларға жүргізілген мониторинг барысында анықталған мектеп оқушыларының дербес деректерін заңсыз тарату фактілерінің жолын кесті.

_gluster_2024_1_6_11a9ada430fe75f9e3fc73a1ed614310_original.180111.jpg

Анықталғандай, білім беру ұйымдарының қызметкерлері кәмелетке толмағандар туралы мәліметтерді ашық әрі қолжетімді алаңға орналастыруға жол берген, бұл қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келеді және олардың конституциялық құқықтарын бұзады.

"Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылып, дербес деректерге қолжетімділік шектелді. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2294 кәмелетке толмағанның конституциялық құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды". 

Ақмола облысының прокуратурасы

Бұған дейін Астанада прокуратураның араласуынан кейін бас санитарлық дәрігердің қызылшаға шалдыққан балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу туралы қаулысына өзгерістер енгізілгені хабарланған.

Иран АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған соққысынан жеті бала қаза тапқанын мәлімдеді
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: НАҚТЫ ҚАДАМДАР ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу