Ресей жаңа зымыран жасап шығарды

Oinet.kz 28-05-2026

НАТО барлау қызметі Ресейдің Солтүстік флотындағы күмәнді белсенділікті тіркеп, Мәскеу теңіз түбіне ядролық зымыран орналастыру жобасын іске асыруы мүмкін деген болжам жасады. Бұл туралы Германияның Tagesschau бағдарламасы WDR және NDR телеарналарының бірлескен зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.

1028550623_94_0_2418_1307_600x0_80_0_0_5b98d9d4f2f3d179934e9bf5f01eccab.jpg

Журналистер бірнеше ай бойы Ресейдің құпия «Скиф» жобасына қатысты материалдарды зерттеген. Олар спутниктік суреттерді, Ресей мұрағатындағы құжаттарды, ғылыми дерекқорларды саралап, әскери сарапшылармен және қауіпсіздік саласының мамандарымен кеңескен. Сонымен бірге НАТО барлау құрылымдарының мәліметтері де пайдаланылған.

Зерттеу қорытындысына қарағанда, Ресей ұзақ уақыт бойы теңіз түбінен ұшырылатын жаңа баллистикалық зымыран жүйесін әзірлеп келген болуы мүмкін. Мұндай кешендерді анықтау немесе жою өте қиын. Себебі олар бірнеше жүз метр тереңдікте жасырын күйде орналасады.

НАТО деректеріне сүйенсек, бұл мақсатта Ресей «Скиф» деп аталатын жаңа зымыран жасаған. Ол Ресей суасты флоты қолданып жүрген «Синева» зымыранының жетілдірілген нұсқасы саналады. Жаңа жүйе тікелей теңіз түбінен ұшырылады және оның ұшу қашықтығы мыңдаған шақырымға жетуі ықтимал.

Мамандардың айтуынша, мұндай зымырандар арнайы контейнерлерге немесе шахталарға орналастырылып, ұзақ уақыт бойы теңіз астында жасырын жата алады. Қажет болған жағдайда олар қашықтан басқару арқылы іске қосылады.

Сарапшылардың пікірінше, теңіз түбінде орналасқан ядролық жүйелер халықаралық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіреді. Себебі оларды алдын ала анықтау күрделі, ал күтпеген жерден іске қосылуы ядролық тежеу тепе-теңдігін бұзуы ықтимал.

Ауғанстан: Әйелден гөрі ит-құстың құқығы жақсы қорғалған
Бір аптада екі өлім: Мәжіліс депутаты косметологиялық, медициналық клиникаларды тексеруді ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу