Нұрайдың өліміне қатысты іс: айыпталушыны өмір бойына соттау сұралды

Oinet.kz 11-08-2026

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі аяқталуға жақын. 11 тамызда прокурор айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Screenshot_17.jpg

Айыпталушы - 28 жастағы Шерхан Аймахан. Оған Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылып отыр.

Тараптардың жарыссөзі барысында прокурор Мадияр Әбілқасымов соттан айыпталушыны кінәлі деп танып, әр эпизод бойынша мынадай жаза мерзімін тағайындауды сұрады:

99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы - өмір бойына бас бостандығынан айыру;

125-1-бап - 2 жылға бас бостандығынан айыру;

115-1-бап - 200 сағаттық қоғамдық жұмыс.

"Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды, жазаны өтеуді қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде белгілеуді сұраймын. Жазаны өтеу мерзімі үкім жарияланған күннен бастап есептелсін", - деді прокурор.

Как арендовать премиум-авто в Дубае: пошаговое руководство
Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу