Алматы қаласында жолаушылар автобустары жарыс ұйымдастырған

Водители пассажирских автобусов устроили гонку в Алматы

Жолаушы тасымалдайтын екі автобустың «быт-шыт» жарысын жаяу жүргіншілер бейнежазбаға түсіріп алған.

Аталған видео Instagram әлеуметтік желісінде лезде тарады. Бейнежазба сыртындағы дауыста жарыс таңғы сағат 5:45-те, 70-ші аялдау пунктісінде орын алғандығы айтылған. Кадрға қарағанда, автобустар трассада сағатына 100 шақырымнан астам жылдамдықпен жүрді.

Қалалық полиция бөлімшесі трассада мұндай жылдамдыққа жол берілмейтінін, әсіресе қоғамдық көліктерге мүлде тиым салынатынын айтты. 

"Бейнежазба Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің қарамағына берілді, олар жүргізушілерді анықтап, оларға заңнамаға сәйкес шаралар қолданады", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қарасу арнасы күл-қоқыстан тазартылды
  • Алматыда жеті азамат жарылыс ұйымдастырмақ болған
  • Сауд Арабиясы ханшайымы сотталды
  • Кезінде жарнамасы жер жарған Қайрат Нұртастың киім дүкені қазір қайда?
  • Балаға қол көтергені үшін балабақша тәрбиешісі айыппұл төлейтін болды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика