13 жасар оқушы сабақ үстінде көз жұмды

Oinet.kz 06-09-2019 1591

MRZ8ESGiULQXIfPP80ByK52EBnocwt.jpg

Оқиға 5 қыркүйек күні 10:00 шамасында Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы М. Әуезов атындағы мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде орын алған. 2006 жылы туған 8-сынып оқушысы Мақатай Әлихан Талғатұлының үстіне кіші футбол ойынын ойнап жатып үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Мұғалім лезде жедел шақыртып, өзі де алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ауруханаға жеткізілген оқушыға ота жасалған, алайда баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазіргі таңда аудандық прокуратура және ішкі істер бөлімі арнайы тергеу амалдарын жүргізуде. Барлық тиісті шығындарын аудан әкімшілігі өз мойнына алған. Осы оқиғаға байланысты облыс көлемінде білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке салу үшін алып қашқан екі адам сотталды
5-сынып оқушысы мектепке газ баллонын әкелген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу