ІІМ: "Қазақстандағы балаларды өздерінің жақындары зорлайды"

Oinet.kz 12-09-2019 892

Картинки по запросу насильство детей

Қазақстанда балаларды айналасындағы жақындары зорлайды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

- Ағымдағы жылдың 8 айында кәмелетке толмағандарға қарсы 589 қылмыс тіркелді. 16 жасқа толмаған адамдармен жыныстық сипаттағы әрекеттер 11,3 пайызға, жас балалардың бұзылушылығы 5,5 пайызға азайды. Бірақ, өкінішке орай, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері өсті. Осы сипаттағы әрбір екінші қылмыс пәтерлерде, үйлерде, жатақханаларда жасалады. Қылмыстың 77 пайызы жәбірленушілердің жақын ортасынан жасалған. Олар: әкелері; өгей әкелері; анасымен бірге өмір сүрушілері; туыстары; көршілері мен таныстары, - деді Марат Қожаев. 

Ол мұндай қылмыстарды тергеу қиын екенін атап өтті. 

"Әдетте, мұндай істер бойынша куәгерлер жоқ, ал айыптаудың негізі кәмелетке толмағандардың жауаптарына жатады. Аталған қылмыстардың алдын алу үшін жыныстық сипаттағы қылмыстарға бейім тұлғаларды анықтау және есепке қою жұмыстары жүргізілуде", - деді Қожаев. 

Оның мәліметтері бойынша, педофилия санаты бойынша ішкі істер есебінде 1350 адам, зорлаушы санаты бойынша 2831 адам тіркеуде тұр. Түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандарға жыныстық қысым көрсеткен қылмыстары үшін 1575 сотталғандар бар.

"Осындай баптар бойынша жазасын өтеген барлық адамдарға жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен 6 айдан 3 жылға дейін әкімшілік қадағалау тағайындалады. Ішкі істер органдарының рұқсатынсыз тұрақты тұрғылықты жерін тастап кеткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді Қожаев.

Денсаулық сақтау министрі Біртанов Тимур Құлыбаев неден қорқатынын айтты
Бекболат Тілеухан білім жүйесіне түбегейлі өзгеріс керек екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу