Қарағұсова: «Мемлекеттің қаржысы – ол біздің ақшамыз»

Oinet.kz 12-09-2019 1642

Картинки по запросу гүлжан қарағұсова

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова мемлекеттің бюджет қаражатын дұрыс жұмсау туралы сөз қозғады, деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

2020-2022 жылдарға арналған жиында Қарағұсованың айтуынша, республикалық бюджеттен қаржы толығымен бөлінеді. Бүкіл қаражат министрліктердің сұрауы бойынша таратылады. Алайда бюджет қаржысын тиімді жұмсау және игеру жағынан біраз сұрақтар бар.

"Біз қанша сұраса да, бере саламыз. Әлемнің бар ақшасын жұмсауға да болады. Дегенмен, осы орайда маңызды бір сұрақ туындайды. Одан не өзгереді? Ақшаның бөлінгенін әр азамат қалай біледі? Халық жағдайдың жақсарғанын қайдан көреді? Біраз қаражат бөлінді ғой. Тағы ескертейін, мемлекеттің қаржысы – ол біздің ақшамыз, біздің салығымыз. Иә, әкімдер мен тағы басқалары сұрайды. Олардың да үлесі бар, бірақ көп емес", - деді Гүлжан Қарағұсова 

Вакциналаудан өтпеген балалар бұдан былай Қазақстандағы мектептер мен балабақшаларға жіберілмейді
Павлодарлық блогер өз "пранкы" үшін айыппұл төлейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу