Павлодарлық блогер өз "пранкы" үшін айыппұл төлейді

wm-image

Жас жігіт әлеуметтегі жазылушыларына өз әрекетін қайталамауын ескертті, деп хабарлайды Oinet.kz  Павлодар-онлайн ақпаратты порталына сілтеме беріп.

Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күні 21 жастағы павлодарлық тұрғын арандатушылық тудыратын заңсыз іске барған. Павлодарлық жігіт трамвайға жармасып, бірнеше метрге дейін жүреді. Және өзінің бұл әрекетін бейнежазбаға жазып, әлеуметтік желіге салады. Жаңадан келген блогердің танымалдылығын арттыру үшін жасалған бейнежазбасы трамвай департаменті мен полицияның назарын аударды.

Полицейлер жас жігітті бөлімшеге шақыртады. Полицейлерден қатаң ескерту алған жас блогер өз фоллоуерлеріне мұндай әрекетке бармау қажеттігін және қатаң жазаланулары мүмкін екенін ескертеді.

Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды.

- Құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, басқалар істемейтін дүниелерді жасау өзінің хоббиі екенін түсіндірді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Павлодарлықты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, 12 625 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Мемлекеттік мекемелерде адалдық құндылығы насихатталды
  • Елжан Біртанов екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды
  • Ресейде іздеу жариялаған қылмыскер Ақмола облысынан ұсталды
  • Конор келесі жекпе-жекті кіммен өткізетінін айтты
  • Жетімдерге жеңілдік қарастырылуда
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика