Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің адал екенін қалай дәлелдемек?

Oinet.kz 18-09-2019 1064

image.png

Тұңғышбай Жаманқұлов пара алды деген айыппен ұсталып, өнер иесіне қатысты сот шешімі шыққан болатын. Бірақ ол өзінің адал екенін дәлелдеу үшін жоғары сотқа шағымданбақ, деп хабарлайды oinet.kz сайтының тілшісі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Танымал актердің қылмыскер болып шыға келуі халық үшін күтпеген жағдай болды. Бұл туралы өнер иесінің өзі айтып берген болатын.

"9 адам сотталдық. Әйтеуір кінәрат табу керек қой. Сөйтіп, барлығымызды шартты түрде соттады. Мені 7 жылға соттады. Содан кейін бір жыл бойы алған айлығымызды орнына қойдырды. Қалалық сотқа шағымдандық, олар ісімізді қараған жоқ", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.  

Бүгінде бостандыққа шыққан Тұңғышбай Жаманқұлов қазір айыппұлдарының барлығынан құтылған. Өнер иесінің қазіргі ойы жоғарғы сотқа шағымданып, өзінің адал екенін дәлелдеу. Ертеңгі күні о дүниелік болып кетсем, сотталған деген жаман ат артымда қалмаса екен деп армандайды ол. 

"Президент жолдауында сотта еркіндік болады деп айтты. Соттың дұрыс жасалмаған шешімдерін қайта қарау деген сөзге сеніп, жоғарғы сотқа дайындалып жатырмын. Менің мерзімім бітті, бірақ, менің атымда сотталған деген сөз бар. Жоғарғы сотқа "Жасым біразға келді, көзім жұмылса, Жаманқұлов сотталған деген сөзден арылтсын" деп айтқым келіп отыр", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.  

Әблязов пен Храпуновты Қазақстанға беріп, экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
Психоаналитик Анна Құдиярова: «Суицидті адам жанын ауыртқан жандарды жазалау үшін жасайды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу