Баянауыл ұлттық паркінде алапат өрт шықты(Видео)

Oinet.kz 23-09-2019 902

Screenshot_5.jpg

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінде алапат өрт шықты. Желіде куәгерлер өрттің видеосын таратуда. Белгілі болғандай, оқиға орнына облыс әкімі Болат Бақауов аттанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 22 қыркүйекте күндізгі уақытта шыққан. Орманды алқапта шөп пен орман өртеніп, аумағы шамамен 2,5 гектарды құраған. 

Өртті сөндіруге 100-ге жуық адам және 10 техникаа жұмылдырылды. Сондай-ақ, өртпен күресу үшін Павлодардан қосымша арнайы техника жіберілген. 

«22 қыркүйектің кешінде Өскеменнен «ҚазӘуеОрманкүзеті» республикалық кәсіпорнынан Ми-8 тікұшағы ұшып жетті. Ол таңғы сағат 7-ден ұшуды бастады. Сонымен қатар 23 қыркүйекте өңірге Ми—26 тікұшағы жетеді деп күтілуде», - дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар оқиға орнына өңір басшысы Болат Бақауов аттанған. Ол 22 қыркүйекте өртті сөндіру бойынша штаб құрыпты. 

Әкімдіктегілер өрт туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға хабарланды.

Видео сілтемесі

Қытайдың бірнеше провинциясында мешіттер талқандалуда
Абай Бегейдің екінші әйелі неге жылап қалды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу