Мақпал Жүнісова Бақытжан Сағынтаевқа неге өкпелі?

Oinet.kz 01-10-2019 1288

Картинки по запросу Мақпал Жүнісова

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа өзінің өкпесін жеткізді , деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі shownews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бір концертіне қатыстырған жоқ. Алматы күні, Алматы түні дейсіз бе? Қайдан білейік, мен де білмеймін неге шақырмайтынын. Мен таяқ ұстап жүрген апа емеспін ғой жүре алмайды дейтіндей. Әрі-бері секіріп жүрген адамбыз гастрольдетіп. Бірақ мені шақырмайды», - дейді Мақпал Жүнісова.

Қала күніне шақырусыз қалған әнші алдағы уақытта Бақытжан Сағынтаевтан үміт күтеді. Бір жерге шақырса өкпесі тарқатып, баратынын жеткізді.

«Қанша әкім ауысты? Бірақ біреуі де: "Мақпал, айналайын, қала күніне келіп ән салып бер" деп айтқан жоқ. Ал енді шақырмаған жерге мен қалай барамын. Бармаймын, ренжідім. Сағынтаев ағамыз, мүмкін басқаша әкім шығар. Ендігі жылы мүмкін мені шақыратын шығар», - деді әнші.

Жаңаөзенде дәрігерлер екі емделушінің көзін күйдіріп алды
Ішкі істер министрі уақытша қамау изоляторына түскендерге жеңілдік жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу