Айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков дүниеден өтті

Oinet.kz 03-10-2019 1410

Screenshot_1.jpg

Қазан айының 2 жұлдызында белгілі ақын, оңтүстік өңіріндегі айтыс өнерінің талантты өкілдерінің бірі - Жарқынбек Наушабеков 44 жасына қараған шағында өмірден өтті деп хабарлайды Аitysker.org-қа сілтеме жасаған Oinet.kz

Басылымның мәліметінше, ақын ауыр дерттен көз жұмған.

Жарқынбек Наушабеков 1976 жылы 12 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Ақтөбе ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген.

Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі 1992 жылы өткен Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесі болды. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы.

2008 жылдың қорытындысы бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны" номинациясын иеленген.

"ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен наградталған. 

Өмірінің соңғы жылдарында Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.

ҚР Ұлттық банкі гауһар тасты монеталар шығаруда
Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегі туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу