ҚР Ұлттық банкі гауһар тасты монеталар шығаруда

Oinet.kz 02-10-2019 983

image.png

 ҚР Ұлттық банкі 2 қазанда номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен, номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" монеталар сериясынан "ÚKI" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктың баспасөз қызметнің хабарлауынша, "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" монеталар сериясын жалғастырады. Бұл сериядағы монеталар дизайны бейнеленетін жануардың натуралистік және трафареттік түрін "сақ жануар стиліне" аллегориялық тұрғыдан үйлестіріп көрсетуге негізделген. Үкі көптеген мәдениетте даналық, білім, жасырын мүмкіндіктер мен бірегей пайым нышаны болып табылады

Номиналы 5 000 және 500 теңгелік «ÚKI» монеталарының сипаттамасы: монеталар алтындату технологиясын қолдана отырып күмістен жасалған және гауһар қондырмасы бар. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) ұлттық ою-өрнектің қоршауында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін деген жазба бейнеленген. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» және «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар бар. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) гауһар қондырмасы бар үкінің басының натуралистік және трафареттік бейнесінен композиция, монетаның жоғары бөлігінде «ÚKI» деген жазба орналасқан. Монетаны айналдыра декоративтік ресімдеу элементтері бар үлкен жиек жүргізілген. 

Қазақстанда өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы құрылды
Айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков дүниеден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу