Тындырымды тірлік көп

Oinet.kz 04-10-2019 1004

1570194297689762.jpg

Шымкенттік БАҚ өкілдері арасында түрлі бағытта байқаулар өтеді. Бүгін бұл туралы Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқарма басшысы Жанар Бектаева атқарылған және алдағы жұмыстары жөнінде өткізген баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

Басқарма басшысының мәлімдеуінше алдағы уақытта Шымкентте БАҚ өкілдері арасында "Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы" атты байқауын өткізуді көздесе, "Үздік номинациялар - 2019" шығармашылық байқауын, сондай ақ БАҚ өкілдері арасында өтетін дәстүрлі Спартакиаданы да ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

- Байқау ережесі бойынша БАҚ өкілдері Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты позитивті материалдарын 2019 жылдың 07 желтоқсан, сағат 17.00-ге дейін тапсыруы керек. Аталған шығармашылық байқауына 2019 жылдың 04 қазанынан - 07 желтоқсанға дейінгі электронды және баспа БАҚ-та жарияланған немесе көрсетілген шығармашылық жұмыстар қабылданады, - деді басқармасының басшысы Жанар Бектаева. 

Сондай-ақ жиында байқауға ұсынылған жұмыстар "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Бәсекелік қабілет", "Прагматизам", "Ұлттық бірегейлікті сақтау" "Білімнің салтанат құруы", "Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы", "Сананың ашықтығы" бағыттарына сәйкес мақалалар қабылданатындығы айтылды. Сонымен қатар, әрбір қатысушы немесе ұжым аталған алты бағыттың әрқайсысына тек бір ғана жұмысын ұсынуға мүмкіндік алатындығы белгілі болды.

Айта кетейік, аталған басқарма «Ақпараттық коммуникациялық орталық», «Дін мәселелерін зерттеу орталығы», «Шымкент ақпарат орталығы», «Рухани жаңғыру кеңсесінің жұмыстарын үйлестіріп отыр. Басқарманың бастамашы болуымен ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың биылғы жылғы Жолдауы аясында қала тұрғындарымен 125 кездесу өткізіліп, оған 20 мыңға жуық адам қатысты. Басқарма идеологиялық жұмыстардың басым бағыттары ретінде Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді айқындап алып отыр. Әсіресе, азаматтық қоғам институттарымен байланысты нығайту, қоғаммен кері байланысты орнықтыруға басымдық берілген. Басқарма қалада жұмыс істеп отырған 6 саяси партия филиалдары, жалпы тіркелген 400-ден астам үкіметтік ұйымдардың ішіндегі белсенді жұмыс атқарып отырған 90-нан астам қоғамдық ұйыммен 8 бағыт бойынша тығыз байланыста жүргізуде.

Жуырда қала әкімі Е.Айтаханов азаматтық сектор белсенділерімен ашық форматта кездесу өткізіп, ұсныстарын тыңдап нақты проблемалық мәселелер бойына іс-жоспары түзілді. Соның бірі-үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстарды жандандыру мақсатында «Азаматтық орталық» ашу көзделіп отыр.

Жалпы, биыл үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 57 іс-шара өткізіліп, 5 бірлескен жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Азаматтық сектор өкілдерімен «ӘРЕКЕТ» жобасы аясында семинар ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 172 мың адамның қатысуымен 300-ден астам іс-шара өткізілді. «Туған жер» жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен 6 жоба іске асырылды.

Мемлекеттік рәміздерін қолдануына, насихатталуына және стандартқа сәйкестігіне мониторинг жүргізіліп, тиісті талаптарға сәйкестендіру жұмыстары атқарылуда.

Қала әкімдігінің «Shymkent.gov.kz» ресми сайтында әкімнің «Виртуалды қабылдау» блогы іске қосылып, БАҚ-та жарияланған резонансты материалдар бойынша «кері байланыс» жүйесі қолға алынған.

Қалада әрекет ететін 155 БАҚ қызметіне мониторинг жүргізіліп, тиісті заң талаптары бұзылған 7 факт бойынша шаралар қабыладанып, заңның орындалуы қалпына келтірілді.

Мемлекеттік атқарушы органдар қызметінің жариялығын қамтамасыз ету бағытында қала әкімдігінде ақпараттық-коммуникациялық орталық ашылып, жыл басынан бері БАҚ өкілдеріне арналған 44 баспасөз-конференциясы өткізілді.

Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыты бойынша қаладағы тіркеуден өткен 135 діни бірлестіктер және филиалдарымен ықпалдастық жолға қойылған.

Басқарма жанындағы ақпараттық-түсіндіру топтарымен түрлі бағыттағы 325 кездесу өткізіліп, оларға барлығы 65 мыңға жуық шымкенттіктер қамтылды. Басқарманың ықпалымен 104 мешітте бейнебақылау камералары орнатылып, мешітке келушілердің қаупсіздігі назарға алынды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы 4 негізгі міндеттер басшылыққа алынған.  

Басқарма тарапынан қоғамның барлық саласын қамтыған 5 тақырыптағы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оларға барлығы 3600 респондент қамтылды. Әлеуметтанушылық зерттеулер бойынша қоғам тұрақтылығына ықпал етуші факторлар ретінде азық-түлік өнімдері мен тауарлар құнының өсуі, көпбалалы аналардың мәселесі және оларға әлеуметтік көмектің тағайындалуы, сыбайлас жемқорлық мәселесі және тұрғын үйге байланысты шиеленістер айқындалған. Талдау қорытындысы салалық атқарушы мемлекеттік органдарға жіберілді.

Діни тұрақтылық мәселесі бойынша барлығы 400 респонденттің қатысуымен социологиялық зерттеу жүргізіліп, тұрғындардың діни наным- сенімі, дәстүрлі дінге көзқарасы, радикалды діни ұйымдарға байланысты ұстанымдары сарапталды.

Асхат Садырбай: «Ән де, клип те быт-шыт»
Арыстың инфрақұрылым жұмыстары реттелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу