Тайлақтың ғашығы Әмина Өмірзақоваға неге ренжігенін айтты

Screenshot_2.jpg

"Тақиялы періште" фильмінде Айша рөлін сомдаған Шолпан Алтайбаева Әмина Өмірзақованың өзі туралы айтқан өтірігінен көңілі қалғанын айтты, деп хабарлайды stan.kz і "Время" газетіне сілтеме жасап.

Әмина Өмірзақова көптен бері халық көзінен таса болған өнер иесі жайлы сұхбаттарының бірінде "Ол – әртіс емес, аудармашы қыз. Баяғыда шетелге кетіп қалған" деп жауап берген. Сондықтан болар "Тақиялы періштенің" жаңа бөлімі шыққан кезде көзі қарақты көрермен актрисаны Францияда екен десті. Алайда, Шолпан Алтайбаева бұл сөздің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Бұл жауап мені өте қатты қынжылтты. Күллі ғұмырым француз тілімен тікелей байланысты болғандықтан осындай ақпарат тараған шығар. Алматы қонақ үйінің маңындағы №10 мектепте 5-сыныптан бастап француз тілін үйрендім. Мені кино әлемінде танымал еткен "Госсправка" деген киоск та дәл сол жерге орнатылған болатын. 13 жасқа толғанымда  белгілі журналист, жазушы әкем Жүсіп Алтайбаевқа Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қазақ ителегенциясына арнап салған "Қазақ ауылынан" үй берілген болатын. Бүгінде біздің үйіміздің сыртында танымал адамдардың тақтайшалары орнатылып тұр", - дейді актриса.

Бес қыздың ішінде өскен Шолпан әпкелерінің киноға деген талпынысын көріп, әпкелерімен бірге "Он үшінші қыз" фильміне шақырылады. Артынша режиссер ауысып, қыздарды кинодан кесіп тастаған екен. Бірақ актриса жақсы ақша тауып, сол қаржыға төсек алғанын айтып қуанды.

Screenshot_1.jpg

"Шәкен Айманов ағамызбен сол жылдың қыс мезгілінде таныстым. Кинода үнемі әженің рөлін ойнайтын көршіміз Роза апа анама мені массовкаға жіберсін деп тапсырыпты. Міне сол кезде Шәкен ағаны алғаш рет көрдім. Орындығы – тақ, өзі – құдай көрінетін. Уақыт өте келе грим жасайтын бөлмеде ағамен жақынырақ таныстым. Ол кісі менен актер мамандығына оқуға барасың ба деп сұраған еді. Мен филолог болатынымды, МГУ-да оқитынымды айттым", - дейді Шолпан Алтайбаева.

Актрисаның айтуынша, "Тақиялы періште"  фильмінде үш рөл белгілі бір адамдарға арнап жазылған. Ол Әмина Өмірзақованың, Әлімғазы Райымбековтың және Шолпан Алтайбаеваның образдары болатын.

“Крыльев песни” киносның түсірілімі барысында Шәкен Айманов Әзербайжан Мәмбетовке көмектесуге келетін. Сол кездері төрт қыз тұратын бөлмемізге келіп карта ойнаған. Мен картадан жеңіліп қалғанымда, ол кісі махаббат жайлы әйгілі "Возможно" әнін орында деп тілек айтты. Әннің қызуына қатты беріліп кеткендіктен бе, Шәкен аға қатты күлді. Сол кезде Шәкеңнің маған үлкен ықыласпен күліп отырғанын сездім. Егер Шәкен аға болғанда мен әлі талай киноларға түсер едім", - дейді Шолпан Алтайбаева.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сәбит Әбдіхалықов елден кешірім сұрап, басшылық қызметінен кетті
  • Мені шұлығыммен көміңдер!
  • Сойылған малдың тісі неге қағылады?
  • Құрт – ажалдан құтқарған асыл тас
  • Қарт Ананың марқұм шалына жазған хаты…
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика