Бүркіт жұлдыз ауруына шалдыққан адам қандай болатынын айтты

Елімізге танымал әнші Бүркіт шоу-бизнес өкілдері жиі шалдығатын "жұлдыз" ауруы туралы айтып берді. "Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген әнші көпшіліктің өзін сырттай көріп, қате баға беретінін мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мен ешқашанда "жұлдыз" ауруымен ауырған емеспін. Ондайдан Алла сақтасын. Мен ол аурумен ауырған адамдарды көргенмін. Олар ештеңе сезбейді. Сол сәтте адам ешкімді көрмей қалады. Танымалдылықты көтере алмай қалғандарға тура қойылған диагноз ол", - деп күлді әнші.

Сондай-ақ, Бүркіт өзінің суық сырт келбетіне қарап, адамдардың өзіне жақындауға қорқатынын да жасырмады.

"Кейбір адамдар мен туралы қате ойлайды. Мені көпшілік орында кездестіріп қалғандар түйілген қабағыма қарап, "жұлдыз" ауруына ұшыраған деп жақындамайды. Бұл жайында талай естігенмін. Бірақ, менімен сөйлессеңіздер олай емес екенін түсінесіздер", - деді Бүркіт.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Абай Құнанбаев балаларын қалай оқытқан?
  • Күз мезгілінде кәдеңізге жарар кеңес
  • Нілдің тасуы
  • Мүміннің жүрегіне шайтанның кіруінің 10 жолы
  • Отбасына амандық пен берекет әкелетін қарапайым сөз
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика