Екі боксшымыз Олимпиада ойындарына жолдама алды

Oinet.kz 08-03-2020 1067

47303b489f748d0f680e9149704ec4db.jpg

Амман қаласында (Иордания) бокстан Токио Олимпиадасына аймақтық іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін қазақстандық боксшылардан екінші болып шаршы алаңға шыққан Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) еш қиындықсыз жеңіске жетті. 

Жас әлем чемпионы Бекзат ширек финалда тәжік боксшысын 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Олимпиада ойындарының жолдамасына иелік етті. 

Бұған дейін ерлер арасында 69 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға жолдама алған болатын. 

Отандасымыз ширек финалда Таиланд боксшысы Масуук Вуттичайді 5:0 есебімен жеңді.

Кәусар Ыбырайқызы: «Қазіргі заманда адам жан-жақты болу керек»
Коронавирустың кесірі: Атақтылар «арзандап» жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу