Аида Балаева Қуандық Шамахайұлының отбасына көңіл айтты

Oinet.kz 29-06-2020 1199

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгін өмірден өткен журналист Қуандық Шамахайұлының отбасына көңіл айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

- Журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден мезгілсіз озуына байланысты марқұмның отбасы мен айнала-жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Қуандық аға кәсіби шеберлігі жоғары, отандық ақпарат кеңістігінде өз ой-пайымы бар тұлға еді. Марқұмның жаны жанатта болсын! - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы ауруханада қайтыс болғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Тоқаев Біртановты қызметінен босатты
Тоқаев 3 әкімге сөгіс жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу