Белгілі журналист Иманғали Тасмағамбетов саясатқа қандай жағдайда оралатынын айтты

Oinet.kz 01-12-2020

Белгілі журналист, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Мұхтар Түменбай экс-шенеунік Иманғали Тасмағамбетовтың болашағы туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлымен болған сұхбатта айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшсі.

Иманғали Тасмағамбетов өмірбаяны.jpg

Мұхтар Түменбайдың айтуынша, зейнеткер Иманғали Тасмағамбетовтың күші әлі сарқылмаған. Оның саяси ықпалы әлі де болса бар. 

- Олардың (Әділбек Жақсыбеков пен Иманғали Тасмағамбетовтың - автор) кез-келген уақытта саясатқа оралуына мүмкіндіктері бар және мүмкіндіктері мол. Қазір Тасмағамбетов мырза зейнетке шыққан адам. Оның ешбір ұйымның, мемлекеттік органдардың алдында парызы, қарызы жоқ. Сондықтан да ол мемлекетіміздің саяси өміріне тәуелсіз саясаткер ретінде араласа алады. Өз басым ондай тәжірибелі азаматтың, әртүрлі қызметте болып үлгерген, премьер-министрден бастап облыс әкімдігінде, қала әкімдігінде жұмыс істеп өзін көрсеткен азаматтар әлі де мемлекетке өз пайдасын әкеле алады деп сенемін. Бірақ, олар бұрынғы парыздар, қарыздар болған санасынан арылу керек, - дейді Мұхтар Түменбай. 

Еске сала кетейік, Иманғали Тасмағамбетов "Қазақ әдебиетіне берген соңғы сұхбатында өзінің зейнетке шығуына қатысты ойын білдірді. 

Өзінің зейнет демалысына шығуы күтпеген жағдай болмағанын атап өтті. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен келелі шешім деп отыр.

- Өз қалауым. Ашығын айтқанда, бұл өмірде «"құлақсыз сан­дық" секілді тиімсіз болуға арланамын. Сол үшін де, қайнаған істің жолына емес, лауазым- қызметтің қолына қарап отыратындардың қатарынан емеспін, - деді ол.  

Экс-депутат Елекеев қазіргі Парламент депутаттарына 2 деген баға қоятынын айтты
Назарбаев: Нұр-Сұлтан деген атты мен ұсынған жоқпын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×