Лавров Қазақстан жайлы: Біз бауырлас елміз

Oinet.kz 23-04-2022 2084

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеуге жұмыс сапарымен келіп, оның барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Бұл жайлы Oinet.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_8.jpg

Кездесу барысында Лавров Қазақстанға қоныс аударып жатқан ресейліктер туралы айтты. Оның айтуынша, қоныс аудару процесі табиғи түрде жүреді.

«Біз бауырлас елдерміз, азаматтарымыздың жүріс-тұрысына ешқандай шектеулер қойылмайды. Біздің азаматтарымыз да, Қазақстан азаматтары да тұрғылықты жерін өзі таңдай алады. РФ Конституциясында мұндай құқыққа кепілдік беріледі. Бірақ, бұл арада ең бастысы, біздің ортақ міндеттеріміз. Бұл туралы біздің Президенттеріміз 10 ақпанда Кремльде мәлімдеме жасады. Ресейліктер мен қазақстандықтар бір-бірінің аумағында болуында іс жүзінде ешқандай айырмашылық болмайтындай етіп жағдай жасау туралы сөз болды. ЕАЭО шеңберінде біздің қарым-қатынастарымызды дамыту экономикалық, әлеуметтік жағдайларда осыған икемделуіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған. Президентіміз біздің алдымызға осындай нақты міндет қойып отыр», – деп сөзін қорытындылады Лавров.

Ресей: Территориямызды да, ақшамызды да пайызымен қайтарып аламыз
«Назарбаев такси айдап жүр ме?»: Желіде Елбасыға ұқсайтын кісінің фотосы тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу