«Назарбаев такси айдап жүр ме?»: Желіде Елбасыға ұқсайтын кісінің фотосы тарады

Oinet.kz 23-04-2022

Желіде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсайтын кісінің фотосы тарады. Фотода ол көлікті тізгіндеп кетіп бара жатыр. Фотоны көрген көпшілік қазіргі заманда күн көру оңай емес екенін, зейнетақы ештеңеге жетпейтінін, сол себепті де қосымша жұмыс істеу керектігін алға тартты. Көпшілік бұл кісіні такси арқылы ақша тауып жатыр деп топшылады. 

Screenshot_10.jpg

Еске сала кетейік, биыл Қаңтар қырғынынан соң Елбасы халыққа үндеу жасаған болатын. 

"Мен 2019 жылы президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым. Содан бері зейнеткермін. Қазіргі кезде елордада демалыстамын, ешқайда кетпедім. Ел элитасының арасында ешқандай жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ" - деген еді ол.

Лавров Қазақстан жайлы: Біз бауырлас елміз
«Ресей Рамзан Қадыровты жек көреді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу