Танымал балгер: 2028 жыл КСРО құрылады. Құрамында Қазақстан болады

Oinet.kz 27-04-2022 12605

Мәскеуде тұратын белгілі қазақстандық балгер Кажетта (Екатерина) Ахметжанова бұған дейін де Nege.kz порталына екі мәрте арнайы сұхбат беріп, болашаққа деген болжамын жасаған еді.

Screenshot_1.jpg

Осы жолы балгерҚазақстанның болашағы жайында ойын айтты.

- Қазақстанның болашағы өзгереді. Сингапур мемлекеті сияқты көтеріледі. Бірақ оған дейін Ресей қайтадан Кеңес одағын құрғысы келеді. Яғни, 16 республиканың 9-ы қайта қосылады. Ресей Қазақстанды қосып алуға қатты күш салады. Мұның экономикалық жағынан қалай боларын білмеймін, бірақ 9 республика қайта бірігеді. Бұлар – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, қысқасы Орталық Азия мемлекеттері 2028-2030 жылы қайта қосылатын шешімге келеді.

Сөйтіп, Кеңес үкіметі билігі қайта жанданады. Баяғы КСРО сияқты ғой. Бірақ құрылымы сәл басқашалау болады.

Одан кейін Қазақстанның экономикасы Сингапур мемлекеті сияқты көтеріледі. Бірақ дәл солай даму үшін халықты сапалы біліммен қамтамасыз ету керек. Жастарды білім мен ғылымға бағыттау қажет. 2028 жылы Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде 3-4 орында болады. Жаңа қалалар, жаңа зауыттар салынады. Жаңа шешімдер қабылданады.

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болды
Ерлан Қошанов - жүзі жылы, қоңыртөбел азамат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу