Ерлан Қошанов - жүзі жылы, қоңыртөбел азамат

Oinet.kz 27-04-2022 1736

Бір адамдар болады - жүзі жылы. Ерлан Қошанов сондай болып көрінеді өзіме. Өмірі бұл кісіні көрмедім, бірақ қанша адамнан естігенім, өте сыпайы қоңыртөбел адам деп айтады.

Screenshot_11.jpg

Жалпы бастық болу кез келген адамның қолынан келе бермейтін зат. Бір бастық болады, ата-бабаңнан бастап боқтайды, ауызынан ақ ит кіріп көк ит шығады. Бір бастық болады адамгершіліктен жұрдай, өзінің сатып алған құлындай ұстайды. Бір бастық болады, не істесең де жақпайсың, ауызынан бір мақтау естімейсің. Бір бастық болады, қасында қанша жүрсең де қорғамай, қиын-қыстау заманда лақтырып кетеді.

Жалпы бастығың “Құдай” деген адам болғаны бақыт екен. Осы жасқа келіп біраз басшылықты көріп тастадық. Ер мінезді, ірілігі бар бастықтарым болды. Әлі күнге дейін сағынамын сол кісілерді. Әкем жасамаған жақсылықты жасаған бастықтарым болды.

Енді міне қоңыртөбел, жүзі жылы Ерлан Қошанов мырза “Amanat” партиясының тізгінін қолына алды. Құтты болсын, Ерлан Жақанұлы! 

Самат Нұртазаның Facebook парақшасынан

Танымал балгер: 2028 жыл КСРО құрылады. Құрамында Қазақстан болады
Путин әлем елдерін қорқытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу