Путин әлем елдерін қорқытты

Oinet.kz 28-04-2022 1872

Сәрсенбі күні Владимир Путин Заң шығарушылар кеңесінде сөз сөйлеп, Украинамен қақтығыс тақырыбына тағы тоқталды. Көрші елдің президенті "Ресейге стратегиялық қауіп төндіреміз" деп шешкендерге жауап ретінде қарымта шаралар болатынын айтып, сес көрсетті.

Screenshot_28.jpg

"Тағы еске салайын, егер біреу болып жатқан оқиғаларға сырттан араласып, Ресей үшін қолайсыз стратегиялық қауіп төндіретін болса, олар біздің қарымта соққыларымыздың найзағайдай жылдам болатынын білуі керек. Біздің оны іске асыруға құралымыз жеткілікті. Ол- мұндай құралымыз бар деп ешкім мақтана алмайтындай нәрсе. Ал біз мақтанбаймыз. Қажет болса, қолданамыз. Және бұл туралы барлығы білгенін қалаймын", - деді Путин. 

Бұл ретте ол "арнайы операцияның (Украинадағы – ред.) тапсырмалары міндетті түрде орындалатынын" тағы да мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол Ресей экономикасы "санкциялық ереуілге төтеп берді", бірақ соған қарамастан, "дағдарысқа қарсы шараларды дамытуды жалғастыру керек" деген пікірде.

Ерлан Қошанов - жүзі жылы, қоңыртөбел азамат
Әйгілі көріпкел Ресей мен Қазақстан байланысына тоқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу