Дархан Сатыбалды - Түркістан облысының су жаңа әкімі

Oinet.kz 31-08-2022 672

Screenshot_9.jpg

Түркістан облысының депутаттары басым көпшілік дауыспен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының кандидатурасына  Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындау үшін келісімін берді. 

Түркістандағы Конгресс-Холл ғимаратында өткен жиналыста Премьер-министр Әлихан Смайылов Президент ұсынған екі кандидат-Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков пен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалдының өмірбаяндарын таныстырды.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 286 депутаттың 86-сы - Ұ.Сәдібековке, Д.Сатыбалдының кандидатурасына-200 депутат дауыс берді.  

Осылайша Дархан Сатыбалдының кандидатурасы Түркістан облысының әкімі лауазымына келісім алды. Енді президент оны аталған лауазымға өзінің Жарлығымен тағайындауы тиіс. 

Дархан Сатыбалды уақтысында Шымкент қаласының әкімі, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сенат депутаты болған, 2019 жылдан бергі  аралықта Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарады. Ол еңбек жолында Білім және ғылым министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Президенттің іс басқармасында, Үкімет кеңсесінде, Астана қалалық әкімдігінде жұмыс істеген. Яғни, әкім болуға тәжірибесі мол шенеунік.

Бекболат Тілеуханның жас кезі елді сүйсіндірді (видео)
Тоқаев Шөкеевке жұмысы үшін алғыс айтып қызметінен босатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу