Бектаевты Қаныбеков алмастыра ала ма?

Oinet.kz 30-04-2019 905

Screenshot_3.jpg

    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Әбдікәрімұлы Бектаевтың өткен жылдың күзінде Сенатқа депутат болып сайланғанын көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Одан босаған орынтаққа бұған дейін облыс әкімінің экономика жөніндегі  орынбасары болған Ерлан Қуанышұлы Айтаханов жайғасты. Бұл жолы ол Астанадағы уақытша қонған аэродромынан облыс әкімінің идеология жөніндегі болып оралды. Әп бәрекелді дейсіз-ау мұндайда, әй бірақ содан бері зымыраған уақыт сегіз айға таяса да әкімдіктің ресми сайтында Айтаханов туралы ештеңе айтылмай есесіне Сенат депутаттығына сайланған Бектаев  әлі облыс әкімнің орынбасарлығынан «ауыспағанына» «апам да аң-таң, біз де аң-таң». Сайттағы мәліметке сүйенсек Бектаев облыс әкімінің орынбасары ретінде еңбек және әлеуметтік қорғау, мәдениет, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, дене тәрбиесі және спорт салаларына жетекшілік етеді. Қажеттілікке қарай қызмет барысында Бектаевты әріптесі, яғни облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков, ол болмаған жағдайда бірінші орынбасар Оспанов алмастыра алады екен.    Таңданарлығы сол, «менің қызметім қайда, мен неге әкімдіктің сайтында қамтылмағанмын?» дейтін  қарқын Айтахановта байқалмайды? «Театрда тәрбие киім ілгіштен басталады» демекші Айтахановтың идеолг ретіндегі шаруасы осы сайттағы сауатсыздықты, жауапсыздықты жоюдан басталғанда шіркін...Мұрнының астындағы кемшілікті көрмей отырған Айтахановты ай қарап жүр ме  деп бұған дейін де сынаған едік. Не қарап жүргенін өзі білер, әйтеуір ол жұмысын үйлестіретін салаларға неліктен басқа орынбасарлар бас сұға бастағаны жұртқа жұмбақ болып тұр. Айталық таяуда өткен журналистердің аймақтық форумының бел ортасында Айтаханов жүрудің орнына қаржыгер әріптесі Ербол Садыр елдің алдына шықты. Топ жарған спортшыларды неге саласы өзге орынбасар Сәкен Қаныбеков қабылдайды? Мұның бәрі ұсақ-түйек дейтіндер де табылар. Десек те біз редакцияға жиі хабарласатын әрі интернет сайттарыңызды ұдайы сүзгіден өткізіп отыратын оқырмандарымыздың өтінішіне орай ой-пікірлерін көпшілікпен бөлісуді ұйғардық.  

Әрине, Сенат депутатын облыс әкімінің орынбасарлары алмастыра алмайды. Десек те Оңтүстік Қазақстан облысының ресми сайты осылай деп тұр. Ғимараты жаңарса да сайты жаңармай былтырдан бері тоқтап қалған сағаттың күйін кешіп келе жатқанына күлесіз бе, жылайсыз ба? Сенбесеңіз, қараңыз: ww.ontustik.gov.kz 

Мұрағаттан, 2015 ж

Самат Сапарбаев сыбайластыққа жағдай туғызған ба?
Аурудың атын жамылып ақша табуға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу