Қазақстандағы ең танымал кәсіпкер Арысты қалпына келтіруге 100 млн. теңге бөлді

Screenshot_9.jpg

Танымал отандық кәсіпкер, BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге дайын екенін хабарлады.

«Біздің компанияның қызметкерлері де сол жерде, Арыс тұрғындарына көмектесіп жатыр. Әскерилердің қалаға кіруге рұқсат бергенін күтіп отырмыз. Сол кезде үйлерді жөндеуге кірісеміз. Біздің команда Түркістан және Шымкенттен құрлысқа қажетті материалдармен шығуға  дайын. 100 млн теңге бөлдік. Бұл қаржы кемі 100 үйді жөндеуге жетіп қалар деп ойлаймын. егер қажет болып жатса, үстінен тағы қосамыз. Жерлерстер өздеріңізге бекем болыңыздар, бәрі жақсы болады. Біз сіздермен біргеміз», – деп жазды кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Айта кетейік, 24 маусым күні таңертең Шымкент қаласынан 97 км жердегі Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шықты. Өрттің соңы жарылысқа ұласты. Түркістан облысының әкімі төтенше жағдай жариялап, қаладан 45 мың адам эвакуацияланды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент Көкшетау қаласына барды
  • Алтай Көлгінов: «Күніне 150-200 адам әкімдіктің алдына келіп тұрады»
  • ҚР Қаржы министрлігі онлайн төлемдерге салық салуға қатысты пікір білдірді
  • Хабиб Нурмагомедов: «Бос уақыт – балалар үшін өте қауіпті»
  • Қазақстанның екі қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика