Танымал ұлтжанды бизнесмен зардап шеккендерге көмекке 10 млн. теңге аударды

Oinet.kz 26-06-2019 1840

Screenshot_3.jpg

Отандық Source Energy компаниясының бақылаушылар кеңесінің Төрағасы, белгілі филантроп, профессор Оралбек Ботбай Арыс қаласындағы жағдайдан соң зардап шеккен отбасыларға 10 млн теңге аударды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы хабарлады.

"Белгілі ақын Сабыр Адай әдемі айтақандай әр қазақ - менің жалғызым. Бұл менің өмірлік ұстанымым. Қолымнан келгенге мұқтаж жандарға қол ұшын созғанды жөн көремін.

Арыстағы айтып келмейтін апатты ел болып жұмыла көтердік. Ел президенті Тоқаев мырза да оқиға орнына барып, ел-жұрттың жағдайымен танысты. Осы орайда, Арысқа ізін суытпай жеткен облыс басшысы Шөкеевтің іскерлігін айта кету керек.

Дегенмен осы оқиғаны көрген өзге кәсіпкерлер де аянып қалмаса екен " - деген Ботбай ел-жұрттың амандығы мен тыныштығын тіледі.

Қазақстандағы ең танымал кәсіпкер Арысты қалпына келтіруге 100 млн. теңге бөлді
Депутаттар бір күндік жалақыларын көмек қорына аударды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу